«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
Белгілі тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы бүгінгі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдан Қостанай жұрты үшін ж ...
Биыл 500 мың оқушыға арналған 200-ден астам мектеп салынады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде кейбір облыстарда жаңа білім ошақтарының құрылыс барысы мәз емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Баршаңызға мәлім, екі жыл бұрын менің тапсырмаммен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты мектептегі орын тапшылығын жою, сондай-ақ, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу болды. Ақмола облысы ұлттық жоба бойынша салынатын барлық мектептің құрылысын бірінші болып аяқтады. Аймақта 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтары ашылды. Басқа облыстарда құрылыс барысы мәз емес. Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры бұл жұмысты қолға алуы керек. Мен таяу арада тексеремін", — деді Президент.
Мемлекет басшысы биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынатынын айтты.
"Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек "Жайлы мектеп" жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Белгілі тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы бүгінгі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдан Қостанай жұрты үшін ж ...
Президент ел ішінде түрлі алаяқтық әрекет жиілеп кеткенін және одан зардап шегушілердің көбейгені ...
Ұлттық құрылтайда Президент елдің ауыл шаруашылық әлеуетіне тоқталып өтті. Оның сөзінше, Қазақстанда агроөне ...