• 14-03-2025

Қазақ тіліне арналған жасанды интеллектінің жаңа моделі әзірленді

Ол қазақ тілін қолданатындар үшін жасанды интеллектінің жетекші технологияларын қолжетімді етеді.

Мұхаммед бин Заид атындағы жасанды интеллект университеті мен Inception (G42) компаниясы бірлесіп, алғашқы жоғары дәлдікке ие Sherkala қазақ тілді моделін іске қосты. Бұл инновациялық жоба қазақ тілді қауымның жасанды интеллектінің жетекші технологияларын пайдалануын жеңілдетеді.

Sherkala – 8 миллиард параметрі бар, сөздік қоры 45 миллиард сөзден тұратын модель. Онда қазақ тіліне басымдық берілгенімен, бұл модель ағылшын, орыс және түрік тілдерін де меңгерген.

"Sherkala моделін іске қосу арқылы қазақ тілінде жасанды интеллектіні қолдану саласында үлкен жетістіктерге жол ашып отырмыз. Қазіргі таңда араб тілінде сөйлеушілерге арналған JAIS, хинди тілінде сөйлеушілерге арналған NANDA модельдері сәтті жұмыс істеп тұрса, енді олардың қатарын қазақ тілінде сөйлеушілердің мүмкіндігін кеңейтетін Sherkala толықтырып отыр. Бұл цифрлық әлемдегі тілдік әртүрлілікті қамтамасыз етеді", – деді Inception (G42) компаниясының бас директоры, доктор Эндрю Джэксон.

Компания өкілінің айтуынша, жаңа модель қазақ тілін еркін түсінеді, мәтінді түсінуде және жазуда басқа үлгілерден көш ілгері.

Мұхаммед бин Заид атындағы жасанды интеллект университетінің профессоры Преслав Наков та жаңа модельдің жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Sherkala моделін LLM нарығында қазақ тілін қолдану деңгейін әлдеқайда арттырады.

Sherkala моделін осы сілтеме арқылы өтіп пайдалануға болады.


Оқи отырыңыз: ChatGPT, DeepSeek, Gemini. Жасанды интеллект бәсекесінде кімнің бәсі жоғары