Ұлыбританияда босқындар әскери казармаларға көшіріледі
Британия үкіметі қонақүйлерде тұрып жатқан босқындарды бұрынғы әскери казармаларға көшіруді ұйғарды. Оған ...
Елімізде Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Ұлыстың ұлы күні 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтіледі. Бүгін жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды. Астанада ұлық мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шара өтеді. Ертеңгі — қайырымдылық күнінде игі істер марафоны ұйымдастырылады. Мұқтаж жанға азық-түлік себеті таратылып, түрлі қайырымдылық концерт өтеді. Ал 16 наурыз — Отбасы күні. Бәйтерек монументінің алдында жас жұбайларға неке куәлігі табысталады. Ұлттық дәстүрлер де ұмыт қалмайды. 17 наурызда паралимпиада жаттығуы орталығында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтеді. Ал 18 наурыз Ұлттық музейде «Ең әдемі киім – ұлттық киім» этнофестивалі болады. Жаңару күні 19 наурызда қаланың барлық ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтеді.
Британия үкіметі қонақүйлерде тұрып жатқан босқындарды бұрынғы әскери казармаларға көшіруді ұйғарды. Оған ...
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны турал ...
Сағындырған Рамазан айының аяқталуына аз қалды. Мейірімділік, бірлік пен қайырымдылықтың мерекесі ...