Төтенше жағдайлар жүйесіндегі реформалар. Ерболат Садырбаев
Спикер — Ерболат Садырбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі. ...
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар аудандардың жағдайын әуеден бағалау мақсатында аэровизуалды мониторинг жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұшу бағыты Есіл өзені бойымен өтіп, Шал Ақын, Ғабит Мүсірепов, Айыртау және Тимирязев аудандарын, сондай-ақ, Шағалалы өзені мен Шағалалы су қоймасын қамти отыра, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары арқылы өтті.
СҚО бойынша ТЖД бастығы Жомарт Асқаров, Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов және Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Әнбаев қазіргі су тасқыны жағдайы туралы баяндама жасады.
"Ауа температурасы көтерілуіне байланысты алқаптарда қардың басым бөлігі еріп кетті. Дегенмен кейбір аудандарда еріген қар суынан туындайтын қауіп әлі де сақталып отыр. Өзендерде мұз кептелісі жоқ, алдын алу мақсатында мұз жарылды. Сонымен қатар, кейбір тасжолдарда уақытша су тасу жағдайлары тіркелді", — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Есіл өзені арқылы келетін су да ерекше қауіп төндіріп отыр. Сергеев су торабында су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. 2024 жылғы рекорд көрсеткіш – 425 см.
"Жағдай үнемі бақылауда. Мемлекеттік органдар мен қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, су тасқыны салдарын азайту және елді мекендерді қорғау бойынша барлық қажет шараны қабылдап жатыр", — деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Спикер — Ерболат Садырбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі. ...
Биыл өңірде 1300 шақырым жол жөнделген. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті туризм ұалай дамып жатқ ...
Көп адам тұратын жерде жылы аялдамалар орнатылып жатыр. Бір жылы аялдама 10 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін тұрад ...