Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Кейінгі айларда Джонстың денсаулығы сыр беріп, қаңтарда оған ахалазия (жұтынудың өте сирек бұзылуы) диагнозы қойылған. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшы көз жұмған.
Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпиондығы), сондай-ақ, WBC Continental Americas чемпионы болған.
Кәсіпқой карьерасында боксшы 65 жекпе-жек өткізіп, 44 кездесуінде жеңіске жеткен (32 нокаут).
Оның карьерасындағы ең үлкен айқас Келл Брукпен болды. 2012 жылы бірінші жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілді.
Кейінгі рет ол рингке 2023 жылы көтеріліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.
Latinus.us мәліметінше, Джонс карьерасында ең мықты боксшылардың спарринг серігі болған: олардың қатарында Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Канело Альварес және америкалық Теренс Кроуфорд бар.
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан 2025 жылғы дүбірлі доданың финалистері анықталды. Ақтық сындағы бәсекелер 13 желт ...
6 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ...