Сүйінші! Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу едәуір жеңілдейді
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...
Ауыл мектептерінің мұғалімдері оқыту мен тәрбие ісіндегі түйіткілдерді шешуге арналған практикалық әдістерді өз бетінше әзірлеуге және іске асыруға дағдыланды, деп хабарлайды 24kz.
Оған қоса, ұстаздар кәсіби қауымдастық аясында жұмыс істеп, көшбасшылық қасиетін дамытады. Қазір елде жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық мектеп шамы» пилоттық жобасы осы мақсатты көздейді. Алматыда өткен конференцияда педагогтар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл бағдарлама атап айтқанда, әсіресе, елді мекендердегі мектептерді қолдауға және мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын дамытуға бағытталған. Жобаға Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстарынан 11 білім ошағы қатысты. Ол жерде оқыту семинарлары өтіп, инновациялық білім беру шешімдері енгізілді. Жоба UNESCO мен ICESCO істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылды.
Мейіргүл Алпысбаева, UNESCO Өңірлік кеңсесінің білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық маманы
- Бұл жобаның ерекшелігі – мұғалімдер мектеп ішінде өздерінің мәселелерін өздері біледі ғой. Ол тәрбие жөнінде болсын. Оқуда болсын. Функционалдық сауаттылықты қалай арттырам немесе сынып ішінде қалай біріктірем. Буллинг туралы мәселе болса, оны қалай шешем деген сияқты. Мұғалімдер сол мәселені өздері таңдап алып өздерінің көкейінде жүрген мәселені таңдап алып, сол мәселенің шешімдерін өздері іздейді, ол үшін зерттеу жасайды.
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті. Еңбек және халықты әле ...
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мәселесі ЮНЕСКО-да талқыланды , деп хабарлайды 24KZ. Ұйымның Париждегі шт ...