• 21-11-2025

СҚО диқандары ₸93 млрд жеңілдетілген несие алды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының диқандарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша 93 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді, деп хабарлайды 24kz.

Соның арқасында шаруалар көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде аяқтап, қазір арготехникалық шараларға кірісіп кетті. Осы жылы егіс алқаптарына 400 мың тоннаға жуық тыңайтқыш себіледі. Науқан барысымен «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев танысып, жергілікті диқандармен кездесті. Биыл қазақстандық фермерлерге егін шаруашылығын дамытуға Үкіметтен 700 млрд теңге үлестірілді.

Серік Егізбаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Одан тыс техникаға, техниканы сатып алу үшін бізде 250 млрд теңге ақша бөлінді. Жақсы қомақты ақша бөлініп жатыр. Енді біз жақсы нәтиже күтудеміз. Оның үстіне Үкімет барлық жағдайды жасап жатыр. Біздің еңбек адамдарымыз да өзінің адал еңбектерін жақсы істеп жатыр.