Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қо ...
Белгілі қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жұбайына деген сезімін көпшілікпен бөлісті. 25 жастағы Жансая өмірлік серігінің туған күніне орай оған арнаған жылы лебізін әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Әлемдегі ең бақытты жан бол! Ал мен әрдайым қасыңдамын! Сүйемін, сүйемін», – деп жүрекжарды жазба қалдырды ол.
Айта кетейік, Жансая мен оның таңдауы түскен «Қазақмыс» басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриев 2023 жылдың сәуір айында отбасын құрған болатын.
Өткен жылы шахматшы спорттық мансабында үзіліс жасайтынын хабарлап, алайда шахматтан біржола кетпейтінін атап өтті. Ол уақытын негізінен отбасына және өзіне арнауды жоспарлайтынын жеткізген.
Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-при жарысында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы. Бұл тарихи жетістікке ол 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қо ...
Астанада шахматтан Senat Open турнирінің ақтық кезеңі басталды. Алғашында 20 іріктеу туры ұйымдастырылып, ...
Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massage ...