Ұлыбританиядағы қазақтар ұлттық құндылықтарды ұлықтады
Ұлыбританиядағы қандастар Наурыз мейрамында ұлттық құндылықты ұлықтаған мерекелік іс-шара өткізді, деп хаба ...
Қазақ диаспорасының өкілдері жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосып , ерекше тарту жасады, деп хабарлайды 24kz.
Түркияда Наурыз мейрамының әрбір мерекелік шарасы біздің қаракөздерімізсіз өтпейді.
Түркияда Наурыз мейрамын қазақ диаспорасы тойлады. Ыстамбұлдың Гүшели ауданында қазақтар бас қосты. Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, жергілікті қазақтар қос мерекені бірге атап өтті. Қазақтың өнерлі жастары ұлттық салт-дәстүрлерімізді әсем әнмен өрнектей отырып, көрермендерге керемет әсер қалдырды. Салтанатқа жиналған жұрт үш сағатқа созылған концертті қызыға тамашалады.
Жанымхан Жанахмет, Түркиядағы «Қазақдер» қоғамдық қорының жетекшісі:
- Бұл шараның мақсаты – осы Түркияда, Ыстамбұлда 20 млн адамға Қазақстанымыздың дәстүрлерін, жерлерін таныту мақсатында ұйымдастырылған еді. Қазақстаннан келген студент жастармен бірге осы жердегі диаспора жастарымен бірге үлкен бір шара өткіздік. Мыңдаған адам қатысты мақсатына жетті деп ойлаймыз. Керемет күшті бір кеш болды.
Жырақта жүрсе де, жас ұрпаққа халқымыздың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеп, үйретіп жүрген жандар қаншама?! Солардың бірі – Жанерке Есімбекқызы. Анкарадағы балабақшада Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шарада басқа ата-аналармен қосылып, дастархан жайып, салт-дәстүрімізді көрсетті. Түркиядағы қазақтар үшін бұл тек мейрам емес, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіреді.
Жанерке Есімбекқызы, ата-ана:
- Елден қашық болсақ та, Түркия елінде өзіміздің ұлттық мейрамымыз – Наурызды атап өтіп жатырмыз. Ұлттық тағамдарымызды жасап, барлық өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Қазақ киімдерімізді киіп, балаларымызды да киіндіріп. Еліміздегідей емес. Дегенмен, намысқа тырысып, абыроймен атап өтуге тырысып жатырмыз.
Аина Түрккан, балабақша директоры:
- Мектебімізде Орталық Азиядан оқушылар көп болғандықтан, Наурызды жылда атап өтуге тырысамыз. Мақсатымыз – балалардың дәстүрлерін ұмытпауы. Әрбір оқушы өзі дайындалып, елдеріндегі мерекелеу дәстүрін көрсетеді.
Түркияда Наурыз мерекесі тұңғыш рет ресми мейрам ретінде бекітілмек. 21 наурызды түркі халықтарының бірлігі мен көктем мейрамы ретінде атап өту үшін жуырда ел парламентіне тиісті заң жобасы ұсынылмақ. Құжат қабылданса, туыстас елде Наурыз мейрамы түркі халықтары арасында ресми мереке ретінде тойланатын болады.
Авторы: Меруерт Қанағат