Таза Қазақстан: Жетісу облысында саябақ тазартылды
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Алматыда «Жасыл ел» жобасының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қала жастарының дайындығы қалай?
Айдана Қуантхан, тілші:
Дәл қазір алаңға 1000-нан аса адам жиналды. Қала жастарын уақытша жұмыспен қамтитын жобаға биыл 5 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Соның ішінде 16 мен 35 жас аралығында 2 мыңнан аса адам іріктеліп алыныпты. Енді олар тамыздың соңына дейін қала аумағындағы саябақтарға тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Әзиз Қажденбек, қалалық Жастар саясаты басқарма басшысы:
Биыл «Медеу», «Көкжайлау», Үлкен Алматы көлі аумағын тазартамыз. Қаланың түрлі ауданында салынған арықтарды тексереміз. Сол жаққа абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтаймыз.
Айдана Қуантхан, тілші:
«Жасыл ел» жобасы аясында бұған дейін 50-ге жуық экологиялық акция өтті. Сондай-ақ Есентай, Тіксай, Кіші Алматы өзендерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 100 тонна қоқыс шығарылды. Жыл сайын жүзеге асатын бұл жоба өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластырып, табиғатты күтіп баптауға баулиды.
Айдана Қуантхан
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Атырауда «Таза Қазақстан » экологиялық бағдарламасы аясында 2600 ағаш егілді. Қазір қаланы абаттандыру жұм ...
Жетісу облысының Жаркент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілік саяб ...