Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуына қатысты. Академия бағдарламасы басқару құзіреттілігін дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша жүзден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады. Үкімет басшысы құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса маңызды қадам екенін атап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы кеше өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң үстемдігін түбегейлі орнықтыру керектігін атап өтіп, елімізде «Заң және тәртіп» апталығын жариялады. Осы орайда Академияның ашылуы ерекше маңызға ие. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу.
Темірлан Нұрсолтан
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмен ...
Шымкент қаласында мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екі ай қатарынан міндетті әлеумет ...