• 21-11-2025

Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» шарасы өтті

«Таза орта – саналы қоғам» экологиялық акциясының аясында 4 тонна қоқыс жиналды. Алматы облысында ұйымдастырылған іс-шараға қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер мен тұрғындар қатысты. Олар 10-нан астам арнайы техника алып, көше, жол бойынан бастап орман алқаптарына дейін мұнтаздай таза етіп жинады. Қайта өңдеу тақырыбында дәрістер те ұйымдастырылды. Мақсат – жастарды табиғатты аялауға, еңбекке баулу.

Айтжамал Нұрбатырова, Талғар ауданы аналар кеңесінің төрағасы: Мектеп оқушыларының бойына осы экологиялық мәдениетті айт жүріп, насихаттап, өнеге көрсетсек мен ойлаймын біздің еліміздің болашағында осы экологиялық мәдениет ақырындап қалыптасады деп. Ауданның әрбір округінде осы акцияға белсенділік көрсетіп барлығы атсалысуда.

Жанел Нұрболат