ҚТЖ әуе жүк тасымалымен айналысатын компания құрды
Елімізде әуе жүк тасымалдаумен айналысатын KTZ Air Cargo деп аталатын жаңа компания пайда болды. Оның құрылтай ...
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.
Автомобиль және қалаішілік көліктер әлі де ең көп сұранысқа ие: 2025 жылы автобустар, таксилер, шағын автобустар мен троллейбустар 911,1 млн жолаушыны тасымалдады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық.
Жүк тасымалдау көлемі шамамен 11%-ға өсті. Мәселен, бірінші жартыжылдықта 550,8 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,9%-ға артық. Дәнді дақылдар, көмір, түсті және қара металдар, құрылыс жүктері, мұнай өнімдері және т.б. ең көп тасымалданды.
Елімізде әуе жүк тасымалдаумен айналысатын KTZ Air Cargo деп аталатын жаңа компания пайда болды. Оның құрылтай ...