Назым Қызайбай Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының аға маманы
Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің ...
Қазақстандық боксшы қыздар Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Виктория Графеева әлем чемпионатының финалына шықты. 60 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда отандасымыз серб қызы Наталья Шадринамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Виктория Графеева қарсыласына мықтылығын мойындатып шықты. Төрешілер есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.
Н. Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда КХДР спортшысы Хон Кён Рёнды айқын жеңіп шықты. Осылайша ол әлем чемпионатының финалына үшінші рет шықты.
50 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова да КХДР елінің боксшысын жеңіп шықты. Шайқасқа толы өткен жекпе жекте отандасымыз қарсыласының әлсіз тұсын таба білді. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Ан Кум Бёлдың әр шабуылына ұтымды тойтарыс бере білді. Нәтижесінде 5-0 есебімен жеңіске жетті. Алуа мансабында екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр.
Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің ...
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ...
Бүгін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары өтеді. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтен ...