Ақтауда 7-сынып оқушысына зорлық жасалғаны туралы ақпарат тарады
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады.
Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Мектептен күдік тудыратын жарылғыш зат табылмады. 9 желтоқсан күні қаладағы мектептердің бірінде таңертең сабақ ем ...
8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. " ...