Қазақстандық бес боксшы халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті
Нидерландта өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде Дәулет Төлемісов, Ерасыл Жақпеков және Нұрлан Сапарбай ж ...
Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды. Бұл туралы BoxingScene жазды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Кейінгі айларда Джонстың денсаулығы сыр беріп, қаңтарда оған ахалазия (жұтынудың өте сирек бұзылуы) диагнозы қойылды. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшы көз жұмған.
Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпиондығы), сондай-ақ, WBC Continental Americas чемпионы болған.
Кәсіпқой карьерасында боксшы 65 жекпе-жек өткізіп, 44 кездесуінде жеңіске жеткен (32 нокаут).
Оның карьерасындағы ең үлкен айқас Келл Брукпен болды. 2012 жылы бірінші жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілді, ал 2013 жылы қарымтада техникалық нокаутпен.
Кейінгі рет ол рингке 2023 жылы көтепіліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.
Latinus.us мәліметінше, Джонс карьерасында ең мықты боксшылардың спарринг-серігі болған: Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Канело Альварес және америкалық Теренс Кроуфорд.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Нидерландта өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде Дәулет Төлемісов, Ерасыл Жақпеков және Нұрлан Сапарбай ж ...
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде ұлттық құраманың екі ...
Түркістанда бокстан Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған XIII халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ...