Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен.
Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылған.
"Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылды, заңбұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Азаматтарды су нысандарын пайдалану ережелерін сақтауға және өзен арналарын рұқсатсыз өзгертпеуге шақырамыз", — делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жа ...
Алматы облысында индустриялды-логистикалық парк ашылды. Бастама өңірде халықаралық талаптарға сай жүк сақта ...