ШҚО-да үш мыңнан аса оқушы қашықтан оқып жатыр
Шығыс Қазақстанда жедел респираторлы вирустың таралуына байланысты, 32 мектептің 3 мыңнан астам оқушысы қаш ...
Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон арасында қол жеткізілген уағдаластық бойынша іске асырылатын бірлескен жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жақында елордада қазақ-француз мектебінің капсуласын қалау бойынша салтанатты рәсім өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Францияның Сыртқы сауда және шетелде тұратын француз азаматтары жөніндегі министр-делегаты Лоран Сен-Мартен қатысты.
Интернаты бар мектеп 800 орынға есептелген және еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестендірілген. Аталған мектепте барлық өңірдің балалары білім алады.
Қатысушыларға арнаған сөзінде министр Ғ.Бейсембаев жобаның білім беру саласындағы басты оқиғалардың біріне айналатынын атап өтті.
«Бұл – Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласындағы тереңдетілген ынтымақтастықтың символы. Осы мектеп архитектуралық және білім беру тұрғысынан үлгі болып, біздің елдеріміз арасындағы нағыз көпірге айналады деп сенеміз», деді министр.
Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі негізгі білім беру ұйымдарының біріне айналатын болашақ мектеп 2026 жылдың 1 қыркүйегінде өз есігін ашады деп жоспарланған. Сонымен қатар Алматы қаласында қазақ-француз мектебі ашылады.
Шығыс Қазақстанда жедел респираторлы вирустың таралуына байланысты, 32 мектептің 3 мыңнан астам оқушысы қаш ...
ҚР Оқу ағарту министрі 2025 жылғы 31 қазандағы "Халықаралық мектеп мәртебесін беру Ережелерін бекіту турал ...
Қазақстан мектептерінде бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады? Толы ...