Алматыдағы колледж студенттері өндірісте тәжірибе жинап жүр
Алматыдағы Автомеханикалық колледж бітірушілері алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби маман ретін ...
Өскеменде « Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында су көлігіне қызмет көрсететін мамандар даярланады. Қазір елде мемлекетаралық су жолы қатынасын дамытуға ден қойылды.
Қазақстан мен Қытай және Ресей арасында жылына 2,5 млн тонна жүк тасымалданатын транзиттік дәліз құру мәселесі де қаралып жатыр. Демек, су көлігін басқарып қана қоймай, оның қыр-сырын меңгерген жұмысшыларға деген сұраныс артады. Қазір салада маман тапшылығы бар.
Туристік бағытта қызмет көрсететін өскемендік жекеменшік мекемеде бес теплоход, бір шағын круиздік кеме бар. Кәсіп иесі Ксения Белованың айтуынша, маусым сайын мотор жүргізушісі мен капитаннан бастап, ондаған ұмысшы жетпейді. Алайда қол қусырып отыруға тағы болмайды.
Ксения Белова, кәсіпкер:
- Бізде барлық жұмыс барысы нормативтік ережеге сай болуы қажет. Бірақ кадр тапшы. Дегенмен талаптың аты талап қой. Кәсіп те тоқтамау керек. Әкімшілік қызметкерлері де демалыссыз жұмыс істейміз. Сондықтан жас мамандардың даярлануын ерекше күтіп жүрміз.
Енді бұл олқылықтың орны толады. Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде су көлігіне қызмет көрсету мамандығы екі біліктілік бойынша оқытылады. 9 сыныптан кейін түскен студенттер су көлігін басқаратын жүргізуші және моторист болып шығады. Ол үшін материалдық техникалық база дайын. Облыстық бюджет есебінен заманауи оқыту құралдары алынды. Мәселен, мына жаттығу-симулятордың орны бөлек. Су көлігінің бүкіл құрылымын, қозғалысын әр қырынан көрсетеді.
Су көлігін бес саусағындай меңгерген Сергей Мирошниченко кеме капитандары әулетінен шыққан. 25 жыл бойы осы салада қызмет ететін ол көрген-білгенін жастармен бөлісуге дайын.
Сергей Мирошниченко, кеме капитаны:
- Кадр тапшылығы бұрыннан бар. Көптен бері осы сұрақ шешілмей келген еді. Енді мінеки, мамандық ретінде оқытылатын болды. Бұл дәл осы су жолы шаруашылығына үлкен серпіліс береді. Елімізде су жолы арқылы жүк тасымалын дамытуға негіз бар. Бұған қауқарымыз да,тәжірибеміз де жетеді.
Аталған екі мамандық бойынша 15 студент білім алады.Олардың кейін жұмысқа орналасуы да алдын-ала талқыланған.
Қажымұқан Оспанғалиев, колледж директоры:
- Біз жұмыс берушілермен бірге істедік. Оқыту бағдарламасын құрған кезде де жұмыс берушілермен бірге құрдық, өзіміздің индустриялық кеңес басшыларымен бірге бекіттік. Енді соны бітіргеннен кейін бұл кісілер балаларымызды жұмысқа алатын боса, біз бір мәселені шештік деп ойлаймыз.
Білімі мен біліктілігі шыңдалған соң тәжірибелі деген мамандар капитан дәрежесіне де көтерілді.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Ауа райындағы өзгеріс пен судың ағысын бақылау, кеменің техникалық жағдайын назарда ұстау. Су көлігін жүргізіп келе жатқан капитанға осындай кәсіби талаптарды ескеру керек. «Алайда ең бастысы тәртіп»,- дейді мамандар. Өйткені ол кеме жағаға жеткенше, экипаж үшін де, жолаушылар үшін де жауапты.
Алдағы уақытта бұл бағытытта оқыталатын маманықтар саны артады. Өйткені елімізде су көлігі логистикасын дамытудың ірі жобалары жүзеге асатын күн жақын дейді сарапшылар. Айта кетсек, келесі жылы облыста Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл ауылында кеме портын салу жоспарланған.
Авторлары: Эльмира Ахметова. Дмитрий Пыхтин.