Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Семейдің" 1/8 финалдағы қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Алматылық " ...
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, Sofascore статистикалық порталының ең жоғары 10 балдық бағасын алған санаулы қақпашылардың бірі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 жастағы Темірлан Анарбеков «Қайраттың» сапында Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында-ақ жанкүйерлердің сенімін толық ақтады. Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өткен кездесуде ол қарсыластардың бес қауіпті соққысын сәтті тойтарып, қақпасын сақтап қалды. Нәтижесінде матч 0:0 есебімен аяқталып, Анарбеков команданың үздік ойыншысы атанды.
Sofascore платформасы қазақстандық қақпашының бұл жетістігін ерекше атап өтті. Ресми жазбада оның жарақаттан кейін алаңға алғаш рет шыққаны және бірден тарихи нәтижеге қол жеткізгені айтылған. Осылайша, Темірлан Чемпиондар лигасының тарихында ең жоғары – 10 балл алған бар болғаны үшінші қақпашы ретінде тіркелді.
Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі спорттық бағалау жүйесі саналатын Sofascore футболшылардың көрсеткіштерін нақты деректер негізінде есептейді.
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Алматылық " ...
Алматылық ұжым бүгін Чемпиондар лигасының 4-тур ойынын өткізу үшін Миланға жолға шықты. Матч Джузеппе Меацца с ...
Алматылық ұжым Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне шыққаны үшін клуб тарихындағы рекордтық табысқа жетіп отыр. ...