Мүгедектердің құқығы қорғалып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
Мұзжарғыштар бригадасы Ақмола облысындағы өзен-көлдерде мұзды жарып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Көкшетаудағы Қопа көлінің Қылшақты өзені құятын тұсында мұз кептеліп қалмас үшін жару жұмыстары жүргізілді. Былтыр осы өзен тасып, халықты біраз әбігерге салған еді.
«Биыл тасқынның алдын алуға дайынбыз», — деп отыр төтенше жағдай қызметі. Күзде өзен түбі тереңделіп, табаны тазартылды. Десек те, табиғи апаттың айтып келмесі анық. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Өңірде 144 елдімекенді су басу қаупі бар.
Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Ақмола облысында көктемгі тасқынға қарсы шаралар күшейтілді. Себебі, қазір өңірде күн жылып, қар ери бастады. Сондықтан өзен-көлдерде осындай мұз жару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Демалыс күндері дәл осындай жұмыстар Атбасар, Аршалы, Жарқайың, Шортанды және Бұланды аудандарында атқарылды. Нәтижесінде су айдындарындағы 13 мың шаршы метр аумақта мұз ойылды.
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
Биыл Ақмола облысында дәрігерлерге төленетін көтермеақы көлемі екі есе ұлғайды, деп хабарлайды 24KZ. Мәселе ...
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...