СҚО-да 5000-ға жуық бала арнайы және инклюзивті білім алады
Солтүстік Қазақстан облысында 5000-ға жуық бала арнайы және инклюзивті білім алады, деп хабарлайды 24kz. О ...
Солтүстік Қазақстан облысында құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей Теке көлі мемлекетке қайтарылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары пайдаланылмаған жерлерді анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың га Теке көлін бергені анықталды.
Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы – тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген прокуратура хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысында 5000-ға жуық бала арнайы және инклюзивті білім алады, деп хабарлайды 24kz. О ...