"Үкімет отырысында әрең отырдым": Депутат денсаулығы туралы айтты
Халық қалаулысы ауруханаға қаралып жүр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы оғаш әрекетіне түсі ...
Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы көпке іш киімін көрсетіп, мақтанған депутат Дәулет Мұқаевты сынап тастады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі болғандай, депутат Дәулет Мұқаев өзінің іш киімін жеке сөрелерге салып, киім-кешегін рет-ретімен, тәртіппен жинайтынын жалпақ жұртқа жария қылған. Көпшілікке халық қалаулысының бұл қылығы ұнамаған.
Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы Дәулет Мұқаевтың бұл әрекетін қатаң сынға алды. Ол:
«Депутат Дәулет мәйкі, іш киім мен нәскилерін қалай жинайтынын қалың көпшілікке көрсетіп, мақтаныпты) Енді қайтсін, басқа несімен мақтанады. Депутаттық этика қайда», — деп жазды желідегі ресми парақшасында.
Желі қолданушылары да Мұқаевтың бұл әрекетіне ашулы. Олар түрлі сыни пікірлерін желіде жарыса жазып жатыр.
Халық қалаулысы ауруханаға қаралып жүр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы оғаш әрекетіне түсі ...
Өткен жылы анасынан айырылған Дәулет Мұқаев нағашыларына қонаққа барып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарл ...