Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
11 шілде-3 тамыз аралығында Сингапурде су спорты түрлерінен 22-әлем чемпионаты өтуде . Бүгін Қазақстан Ұлттық ...
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогінің кезеңдері өтетін қалалар жарияланды. Қазақстан алғаш рет осы тізімнен табылды , деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, беделді турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады деп жоспарланып отыр.
Әлем кубогінің бірінші кезеңі Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады. Үшінші кезең Астанада түйінделеді.
Әлем кубогінің кезеңдері өтетін нақты уақыт алдағы уақытта жарияланады.
11 шілде-3 тамыз аралығында Сингапурде су спорты түрлерінен 22-әлем чемпионаты өтуде . Бүгін Қазақстан Ұлттық ...
Қазақстандық спортшылар жарыс жолына 27-шілде күні шығады. 2025 жылдың басты спорттық шараларының бірі – Wor ...
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ...