Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Сот ашық өтіп жатыр . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев б ...
Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істе жаңа мәліметтер пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Антикор ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Дегенмен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-қа бұл жөнінде әзірге ашып айта алмайды.
Бегайдаровтың сөзінше, қылмыстық істе алға жылжу бар.
"Белгілі бір ақпарат, белгілі бір қозғалыс бар, бірақ іздеу жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайтын жаңартылған ақпарат әзірге жоқ. Жаңа ақпарат болғанда, хабарлаймыз", — деді агенттік өкілі брифингте.
Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздестіру бойынша іс қай сатыда екенін айтты.
Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде.
Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде.
Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Сот ашық өтіп жатыр . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев б ...
Антикор Айбол Құлбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Алматы облысы Спорт және дене шынықтыру б ...
Нығматулиндер әулетінің үлкені Арғын Нығматулин Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалғанға дейін-ақ кетіп қалған , д ...