Ақтөбеде суды заңсыз пайдаланған 5 кәсіпорын әшкереленді
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына ...
Ақтөбеде 39 жастағы әйел он бірінші баласын аман-есен босанды – енді үлкен отбасында жеті ұл мен төрт қыз бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Мнаура Мұқтарова мен оның ұлы Хантөрені перзентханадан шығарды. Отбасыдағы он бірінші бала 3,7 келі, 57 сантиметр болып дүниеге келді. Былтыр көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен баспана алған.
"Мен бақытты анамын. Үлкен ұлдарым – спортшылар. Қызым би үйірмесіне қатысады. Барлығы үшін Аллаға шүкіршілік етемін. 2024 жылдың желтоқсанында көпбалалы отбасы ретінде 10 жыл кезекте тұрып, төрт бөлмелі пәтер алдық. Перзетханадан шыққанымызды жаңа үйде атап өтеміз! Барлық туыстарыма, көршілеріме алғыс айтамын!" – деп қуанышымен бөлісті Ақтөбе тұрғыны.
Мнаура Мұқтарова – мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алайда қазір мектепте жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, себебі барлық уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Балалардың әкесі Айдын Рамазанов перзентханадан шығару рәсіміне қатыса алмады. Ол жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істейді және қазір сапарда жүр.
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына ...
Оқиға орнында іздестіру-құтқару топтары жұмыс істеп жатыр. Ақтөбе облысында өзенге батып кеткен оқушы төрт к ...
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасының орындалу ...