Талдықорғанда қарақұрт қаптап, 1 адам жансақтау бөліміне түсті (ВИДЕО)
Жетісу облысының тұрғындары өңірде қарақұрт қаптағанын айтып дабыл қақты. Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, на ...
Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шағып , ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Оның үшеуі бірден жансақтау бөлімшесіне түскен. Қалғандары ауруханаға жатқызылды. Қазір тиісті ем-домын алған 7 адам үйлеріне жіберілді. 2 науқас әлі де дәрігерлердің бақылауында. Күн ысығалы зиянкес жәндік малға да қауіп төндіруде. Жыл басынан бері қарақұрт 159 малды шақса, оның 6-ауы шығын болыпты. Қарақұрт былтыр да қаптаған. Өткен жылы 13 адам улы жәндіктен зардап шегіп, 40 шақты мал қырылған еді. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керектігін ескертеді.
Бауыржан Рахметов, облыстық аурухананың дәрігер-токсикологы:
- Шымыр ете түседі ине кіргендей болып. Содан соң 5-10 минуттан кейін адамның өзіне белгілі бола бастайды. Бел омыртқаның тұсы ауырады, аурудың күші көбейе бастайды. Қара терге түседі, жүрегі қысылады. Әркімнің өзінің қандай хроникалық аурулары бар, солар қозады.Дем алысы қиындайды, сол кезде тезірек ауруханаға жеткені дұрыс.
Жетісу облысының тұрғындары өңірде қарақұрт қаптағанын айтып дабыл қақты. Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, на ...
Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) алу, тасымалдау және фракциялау зауыты жобасының құрыл ...
Малайзия астанасы Куала-Лумпурға жақын маңда газ құбыры жарылып, 112 адам жараланды, деп хабарлайды 24kz. ...