Сенат төрағасы дипфейк жасайтындарды жауапкершілікке тартуға шақырды
Мұндай контенттің артында адамдар тұр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дипфейк жасайтындарды жауапкершілікке ...
Елордада алғаш рет боччадан «Astana 2025 World Boccia Challenger» беделді халықаралық жарысы өтіп жатыр , деп хабарлайды 24kz.
Сайысқа әлемнің 12 елінен келген спортшылар қатысады. Атап айтсақ, Корея, Сингапур, Үндістан, Италия, Иран, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Кипр, Біріккен Араб Әмірліктері сынды мемлекеттер үздіктерін додаға қосты. Бұл жарыс ұлттық құрама үшін маңызды. Себебі мұндағы көрсеткіштеріне байланысты оларға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпайлар беріледі. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалауы желбіреген іргелі сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол жарысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, елде паралимпиадалық спортты дамыту және баршаға тең мүмкіндік жасау жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті:
- Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде параспортты дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Қазақстанда ерекше спортшыларға өз әрекетін іске асырып, мақсаттарына жету үшін барлық жағдай жасалуда. Осы ретте World Boccia Challenger турнирі де елдегі параспорттың дамуына ықпал етеді деп сенеміз.
Дәурен Қосыбай, Ұлттық құрама мүшесі:
- Топтық жарыс бар. Менің қасымда Де Ла Круз деген қыз ойнайды. Екеуміз бірге. Топтық жарыс. Жаттығу өте керемет өтті. Бірінші орын алам деп үміттенем енді. Бермейміз. Өзіміздің елімізде болған соң бермеуге тырысамыз.
Мұндай контенттің артында адамдар тұр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дипфейк жасайтындарды жауапкершілікке ...
Астанада каратэнің WKF бағыты бойынша Kazakhstan Оpen деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл жыл сайын өт ...
Бас шаһардың Beeline Arena спорт кешенінде осы айдың 11-13 күндері WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өті ...