• 21-11-2025

Испаниядағы кафе жарылды: 20-дан аса адам зардап шекті

Испания астанасында болған жарылыс салдарынан 25 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жағдайда, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі El Espanol басылымына сілтеме жасап.

Жарылыс Мадридтің орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан Вальекас ауданындағы барда болды. 25 адам зардап шеккен, олардың үшеуі өте ауыр, екеуі ауыр жағдайда.

Шұғыл қызметтер мәліметінше, жарылыс 2025 жылғы 13 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 15:00-де Мануэля Марото көшесіндегі мекеме ғимаратында болған.

Жарылыс себептері әзірге белгісіз.

Жарылыс Mis Tesoros барында, Пуэнте-де-Вальекас ауданында болды. Куәгерлер жергілікті БАҚ-қа жарылысты "бомба сияқты" сезілгенін айтып, соққы толқыны жолдан өтіп бара жатқан баланы да зақымдағанын, бала әйнектен жарақат алғанын жеткізді.

Еске салайық, 2004 жылғы наурызда Мадридте бірқатар жарылыс болып, 191 адам қаза тауып, 1200-ден аса адам жарақат алған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, іс-әрекет "Әл-Қаидаға" байланысы бар топ тарапынан жасалған.

Мароккода сот Абдельилах Хризді бұл террорлық актіні ұйымдастырды деп айыптап, 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget