Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Жамбыл облысының диқандары көктемгі дала жұмыстарына сақадай-сай дайын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл 54,8 мың тонна тұқым дайындалған, деп хабарлайды Egemen .kz.
Жалпы алғанда биыл 659,9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 33,2 мың гектарға артқан. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы шаруаларға 8 млрд теңге көлемінде 5 пайызбен несие берілмек.
«Осы жылы 400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңару жоспарын 6,5 пайызға жеткізу көзделіп отыр. 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 39,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы есебінен 16 мыңнан аса ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде өсімдік шаруашылығында 325,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде», дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбдірәсіл Желеубаев.
Өңір шаруаларының алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай қарастырылып жатыр. Үкімет тарапынан 20 мың тонна дизель отыны бөлінген. Сондай-ақ осы жылы біршама алқапқа 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Ал шаруаларға арзандатылған бағамен ұсынылатын жанар-жағармайдың кедергісіз берілуін өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жеке бақылауына алды.
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Жамбыл өңірінде елді мекендерді таза ауызсумен қамтитын 12 жоба іске асып жатыр. Ілкімді іске арнаулы мемлек ...
Жамбыл облысында жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...