• 17-03-2025

17 наурыз - мәдениет пен салт-дәстүр ұлықталатын күн

Қиссалар Наурыз тарихын Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына аман-есен жетіп, тіршілік сол мекеннен қайта тарауды тойлаудан басталғанын меңзейді. Кеме көктемнің алғашқы айында құрлыққа жеткендіктен наурыз мерекесі мезгілдің алғашқы айында аталып өтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде Наурыз мерекесінің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу мақсатында Наурызнама онкүндігінің тұжырымдамасы бекітілген еді. Қазақстанның қазіргі тарихында Наурыз толыққанды трансформацияларға қарқын берген жаңа саяси дәуірдің басталуын білдіреді. Табиғат жаңаруындағы жаңа циклдің басталуын Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңнің басталуымен салыстыруға болады.

17 наурыз тұжырымдама тізбесіне сай - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні халқымыздың мәдени бай мұрасы ұлықталып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің мән-маңызы айқындалады. Тіршілігіміздің әр табы салт-дәстүрмен сабақтасатын халқымыз үшін оның орнықты қолданылып, өмірімізді өрнектей түсуі қай ғасырда да өзекті.

Сол себепті 17 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған.

Бұл күні еліміздің әр аймағында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр мәні мереке өзегіне айналады.