«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ол бұған дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған еді.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы болып қызмет етті.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамда жиі талқыланған тақырыпқа нүкте қойды. Алматыдағы Халықаралық жас ғ ...
Diella деп аталатын жүйе мемлекеттік сатып алуларды қадағалайды. Албанияда тұңғыш рет жасанды интеллект мини ...