Қарттарға арнаулы бағдарлама жасалады
"Қарты бар үйдің қазынасы бар". Біздің ел қариялардың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді жоспар әзірлейді. ...
Елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы жасақталуда, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.
Осы бағыттағы жұмыс Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізіліп жатыр.
«Бұл мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кешенді бағдарлама болады. Қазір біз балалық шақты қорғау саласында жасалған барлық істі — нормативтік құжаттардан бастап нақты жағдайларға дейін — ненің тиімді екенін және қай тұстарын қайта қарауды қажет ететінін түсіну үшін мұқият талдап жатырмыз. Сондай-ақ статистиканы зерттейміз, себебі әрбір санның артында баланың тағдыры тұр», деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар". Біздің ел қариялардың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді жоспар әзірлейді. ...
Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын ұйымдарда кадрлық үдерістер автоматтандырылып жатыр. Бұл – 500 мың адам ...
Елімізде қанша ескі көлік бар? Тозығы жеткен автомобиль мен ауыл шаруашылығы техникасының иелері 2 млн теңге ...