Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған фестиваль өтті
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Ақтөбедегі Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты биылдан бастап қырғызстандық курсанттарды қабылдайды, деп хабарлайды 24kz.
Болашақта түркиялық талапкерлерді де оқыту жоспары бар. Бүгінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында тәжікстандық жастар білім алып жатыр. Институтта ұшқыштар, әуе көлігі инженерлері, ұшқышсыз ұшу аппаратының операторлары және әскери дәрігерлер даярланады. Парламент Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов курсанттармен кездесіп, оқу орнының тыныс тірлігімен танысты. Ол болашақ офицерлерге әуе көлігін игеруді үйретіп қана қоймай, заманауи технологиялардың қыр-сырымен таныстыру қажеттігін айтты.
Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазіргі кезде өзіміз біліп отырмыз ғой. Енді цифрландыру, жасанды интеллект бар, басқа да әрі қарай дамитын жаңа технологиялар, киберқауіпсіздік дейміз, сондай мәселелер көп. Сол жағына көп маңыз берсе деген ұсынысым бар.
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Сот шешімі бойынша 43 жастағы Ақтөбе тұрғыны алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші ...
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...