Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановты жоғарылатты , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Орта салмақтағы рейтингте Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) үшінші орында болған еді. WBC отандасымызды бірінші орынға шығарды. Бұған дейін ұйым осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленген доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Мейіріммен жекпе-жек өткізіп, атағын қорғауды міндеттеген болатын. Алайда доминикандық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Әзірге рейтингте екінші орынға британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) жайғасты. Ал үшінші орынға тағы бір британдық бокс мектебінің өкілі кіші-Крис Юбэнк (34-3, 25 КО) орналасты.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы 17 қарашада жекпе-жек өткізген еді. Ол Өзбекстанның Ташкент қаласында болған бокс кешінде чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені ...
Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан 2025 жылғы дүбірлі доданың финалистері анықталды. Ақтық сындағы бәсекелер 13 желт ...
6 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ...