Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында биылғы қорытындылар баяндалып, жасөспірімдер қылмысы жеке қаралды. Негізгі себеп ретінде ата-аналардың тарапынан бақылаудың әлсіздігі аталды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 1600-ге жуық жасөспірімдер қылмысы тіркелген. Түнгі уақытта балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне байланысты 107 мыңнан аса ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды тыйым салынған уақытта мекемеге кіргізгені үшін шамамен 1900 нысан иесі жауапқа тартылған.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов тәуекел тобына жататын отбасылармен профилактикалық жұмысты әкімдіктермен бірлесіп күшейтуді, жасөспірімдерді қоғамдық көмекшілер қатарына белсенді тартуды, мектептер мен педагогтармен тығыз ынтымақтастық орнатуды тапсырды.
Сонымен қатар, балалардың құқықтық санасын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу міндеттелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...