Қаскелеңде кісі зорлады деген күдікті сот аумағынан қашып кеткен
Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі сот аумағынан адам зорлады деген айыппен қамауға алынған адам қ ...
Аталған нысанды орналастыру үшін алаңы 1,5941 га жер учаскесі 2004 жылы Қапшағай қаласы (қазіргі Қонаев) әкімінің қаулысымен жеке меншікке «Бөлек батыр Жалайыр» Қоғамдық қоры ЖШС-не берілген. Ал 2022 жылғы 26 тамыздағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Бөлек батыр Жалайыр» қоғамдық қоры мәжбүрлі түрде жойылған. Арада бір жыл өткен соң нысан иесіз мүлік ретінде есепке алынған.
Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі сотқа жүгінген. Әкімдік нысанды иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы уәж айтқан. Ал үшінші тұлғаның өкілі бұл талаппен келісіп, мемориалды кешеннің маңызы зор және оны күтіп ұстау үшін шығындар қажет екенін, қазіргі таңда кешеннің қараусыз екенін көрсеткен. Сот ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, әкімдіктің талабын қанағаттандырып, нысанды мемлекет меншігіне қайтаруды ұйғарды.
Бұл кешен мәдениет бөлімінің иелігіне өтіп, мемлекет қорғауында болады.
Алматы облысы
Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі сот аумағынан адам зорлады деген айыппен қамауға алынған адам қ ...
Биыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, М ...
Жалған құжаттар, ұйымдасқан махинация, арзанға алып, қымбатқа сату. Мұның бәрі Алматы облысы Райымбек а ...