Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...
Жауапты тұлғаларға ірі көлемде айыппұл салынды.
Қызылордадағы ауруханалардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жоғарғы қабатта қабылдап келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық теміржол ауруханасындағы келеңсіздіктерді қала тұрғыны құзырлы орынға шағымында жайып салды. Біріншіден, лифт стандартқа сәйкес келмейді. Қала берді, ол екінші қабатқа тоқтамайды. Үшіншіден, жеке қабылдау жоғарғы қабатта өтеді, ал оған мініп-түсу кембағал жандар үшін қиын.
"Ауруханаға ұйғарым берілді, сондай-ақ талапты бұзғаны үшін 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірінші қабатта арнайы жабдықталған бөлмеде қабылдау мәселесі шешілді", — деді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байқожаев.
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Әйел әкімшілік жауапқа тартылды. Қызылордада кәмелетке толмаған баласына рөлді берген анаға 55 мың теңге көлем ...