Жапонияда дауылдан 24 адам зардап шекті
Жапонияның Сидзуока префектурасында тайфун салдарынан 24 адам зардап шекті. Табиғи апат кезінде 200-ден а ...
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибамен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық құрылымдар желісі бойынша бірлескен жұмысты талқылады.
М.Нұртілеу Премьер-министрге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. Ол Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.
«Жапония – Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. Біз Токиомен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға бел будық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.
Өз кезегінде Ш.Ишиба Жапония Үкіметінің Қазақстанмен көпжоспарлы өзара іс-қимылды нығайтуға деген берік ниеті туралы сендірді.
«Орталық Азия + Жапония» Диалогы шеңберінде кооперацияны дамытуға және алғашқы саммитті өткізу бойынша мәселелерге, сондай-ақ биік деңгейде тұрақты байланыстарды сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге өзара ұмтылыстарын білдірді.
Жапонияның Сидзуока префектурасында тайфун салдарынан 24 адам зардап шекті. Табиғи апат кезінде 200-ден а ...
Биыл Қазақстан мен Қырғызстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 33 жыл,деп хабарлайды 24kz. Осы у ...
Жамбыл облысында жергілікті ғалымдар жапондық зерттеушілермен бірге археологиялық қазба жұмыстарын бастады, ...