Қызылорда облысында 25 мың адам ЖРВИ жұқтырған
Қызылорда облысында эпидемологиялық кезең басталғалы 35 тұрғыннан «Гонконг тұмауының» белгілері анықталған. Жалпы ...
Жобаның құны – шамамен 2,4 миллиард теңге, оның 1,8 миллиард теңгесі игерілген.
Қайтарылған активтердің 4 миллиард теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жоба 2021 жылы іске асырыла бастаған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 миллиард теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Елге қайтарылған активтер есебінен Абай облысында Арнайы ӘҚКО салынады
Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын.
Жобаның құны – шамамен 2,4 миллиард теңге, оның 1,8 миллиард теңгесі игерілген. Қалған 524 миллион теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарланып жатыр.
Қызылорда облысында эпидемологиялық кезең басталғалы 35 тұрғыннан «Гонконг тұмауының» белгілері анықталған. Жалпы ...
Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, — д ...
Үкімет басшысы сондай-ақ Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олжас Бектенов мұнда да су шаруашылығы ...