Ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу: Жамбыл облысында үш жоба жүзеге асырылып жатыр
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Жамбыл облысында балалар жаппай уланды.
17 наурызда Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі жеткізілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген.
«1 бала жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалады)», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, жағдай зерделеніп жатыр. Аурудың неден шыққаны анықталып жатыр.
«Қазіргі уақытта ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтіледі», — делінген өңір әкімдігі мәліметінде.
Бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілген. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады.
Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы жыл соңына дейін 100% табиғи газбен қамтылады. Қазір 4 ауылға газ құбыры ...
Жамбыл облысында оқушылар арасындағы төбелестен кейін 10-шы сынып оқушысы көз жұмды. Полиция екі жасөспірімді қамауғ ...