Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін тасжолды кеңейту жұмыстары басталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Бүгін Ақтөбеде ұлттық киім фестивалі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Наурызнама онкүндігінің аясында сән керуені ұйымдастырылған. Қазақтың дәстүрлі бүрмелі көйлегі мен қамзол-күрте киген жастар мен кимешек-кәжекей мен шапан киген қариялар шаһардың орталық алаңында бас қосты. Мерекелік шарада ұлттық ою-өрнек пен әшекейден көз тұнады. Көрермен назарына ұсынылған әрбір бұйым қазақы болмысты ерекшелеп тұр. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасынан табылған «Ұлттық киім» күні өткен сән керуеніне 2500 адам қатысты.
Жұлдыз Қожабекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі:
- Ұлттық киім – бұл ұлттың бейнесі. Қазіргі заманауи сәнгерлер ұлттық киімдерді заманға сай элементтерді қосып классикалық, офистік киімдердің өзіне элементтерді қосып жатыр. Осы менің көңілімді қуантады. Кешегі ұлттық құрылтайда еліміздің Президенті де айтты: «Қара жамылып жүргеннен гөрі қыздарымыз ұлтымыздың киімдерін насихаттап жүрсе, қандай жақсы» деп. Сондықтан мен ойлаймын, ұлттық киімді әрдайым насихаттауымыз керек.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Үкіметтік жұмыс тобы Ұлытау және Ақтөбе облыстарының жылыту маусымына дайындығын тексерді. Алдымен Премье ...
Ақтөбелік Махамбет Ермеков қаз қуған ұлының видеосын әлеуметтік желіге жүктеп, әп-сәтте танымал болып шыға кел ...