“Кореядан арзан көлік алдыртамын“. Астанада алаяқтық әшкере болды
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Прокуратура оны "қылмыстық топтың көшбасшысы " деп айыптап отыр.
Жемқорлыққа қарсы операцияда Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу мен баспасөз хатшысы Мұрат Онгунды қамауға алу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ізінше Ыстамбұл университеті қала мэрінен дипломын кері қайтарып алу туралы шешім шығарған. Бұл оның алдағы президенттік сайлауға түсуіне кедергісін келтіруі ықтимал. Өйткені, Түркия заңы бойынша президенттік сайлауға түсу үшін жоғары білім қажет.
Sabah басылымның мәліметінше, Имамоглу мен Онгуннан бөлек 100-ге жуық адам тергелуде.
– Операция аясында Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгунды қамауға алу туралы ордер берілді. Сондай-ақ, журналистер мен кәсіпкерлер де бар 100-ге жуық адам тергеуде. Операцияның Medya A.Ş компаниясындағы мемлекеттік сатып-алуларға және Күрдістан Жұмыс партиясы арасында жасалған "қалалық келісімге" қатысты екені айтылды. Имамоглуның Сарыердегі үйінің төңірегінде іздестіру шарасы жүргізілді, – делінген хабарламада.
Түркияның негізгі оппозициялық партиясы – Республикалық халық партиясы бұл шешімге парламент деңгейінде наразылық білдірді. Бұған жауап ретінде Ыстанбұл университеті Түркияның жоғары білім беру кеңесі (YÖK) Имамоглудың дипломын жалған деп санап, сол себепті күшін жойғанын хабарлады. Бұл мәселеге қатысты барлық құжат қосымша тергеу үшін Ыстанбұл прокуратурасы мен YÖK-ке берілмек.
Айта кетейік, Экрем Имамоглу Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналады. Бұған дейін Ердоған қайтадан президент сайлауына түсуі мүмкін екенін білдірсе, Имамоглу да президенттікке үміткерлер қатарында еді.
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...