Су кодексі: Сенат құжатты Мәжіліске қайтарды
Заңның жекелеген баптары жаңа редакцияда ұсынылды. Сенат Су кодексі мен оған ілеспе құжатты екі оқылымда қар ...
Каспийдің таяздануы соңғы жылдары айқын көрініп жатыр , дейді ол.
Сенат Мәулен Әшімбаев Каспий теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені Парламент қабырғасында жеке қарастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жер қойнуын пайдалану деген кезде ең алдымен мұнай-газ саласы еске түседі. Жалпы бұл бағытта да елімізде үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Негізінен мұнай-газды Атырау, Маңғыстау облыстары өндіріп жатыр. Соған байланысты Каспий теңізінің мәселесі өте өзекті деп қабылдаймыз. Су мәселесін айтқан кезде Каспийді де айтпай кетуге болмайды. (...) Каспийдің таяздану проблемасы да соңғы жылдары айқын көрініп жатыр. Өздеріңіз де (ред. – Су ресурстары және ирригация министрлігі), депутаттар да көтеріп отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша жылына орташа 20 сантиметрге Каспий төмендейді деген сараптаулар бар. Жалпы орташа көлемді алатын болсақ, бір жылы көбірек, бір жылы аздау. Егер де бұл үрдіс жалғаса беретін болса, онда 30-50 жылдан кейін Каспийдің жағдайы қиын болатыны түсінікті", — деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Сөзінше, еліміздің экономикасы, мұнай-газ секторы үшін Каспийдің транспорттық-коммуникациялық маңызы өте зор.
"Каспий біраз жүктерді шет мемлекеттерге тасымалдап отырмыз. Орта дәлізді дамыту тұрғысынан да Каспийдің экологиясын айтпағанда, экономикалық маңызы зор. Сондықтан да осы бағытта да министрліктің жұмыстарды бастап жатқанынан хабардармыз. Дегенмен де бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек", — деді Сенат спикері.
Мәулен Әшімбаев Су ресурстары министрлігіне Сенат қабырғасында Каспий теңізінің мәселесіне жеке тоқталуды ұсынды.
Заңның жекелеген баптары жаңа редакцияда ұсынылды. Сенат Су кодексі мен оған ілеспе құжатты екі оқылымда қар ...
Бүгінгі бағдарламада : Биоәртүрлілік пен экожүйені сақтауда қандай тетіктер қажет? Парламенттік комисси ...
Бүгін Астанада боччадан еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған дәстүрлі ашық респуб ...