Мәулен Әшімбаев Каспийдің жағдайына алаңдаушылық білдірді
Каспийдің таяздануы соңғы жылдары айқын көрініп жатыр , дейді ол. Сенат Мәулен Әшімбаев Каспий теңізінің жағд ...
Заңның жекелеген баптары жаңа редакцияда ұсынылды.
Сенат Су кодексі мен оған ілеспе құжатты екі оқылымда қарап, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жаңа Су кодексі аясында су объектілерін ұтымды пайдалану, стратегиялық жоспарлаудың жаңа құралдарын енгізу, гидротехникалық құрылыстарды басқаруға көңіл бөлу, су ресурстарының мониторингі мен басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесін құру, суды ұтымды пайдалану, ысырапты азайту және суды үнемдеу технологияларын енгізу, климаттың өзгеруіне байланысты суды дұрыс пайдалануға бейімдеу, құқық бұзушылық фактілеріне жедел ден қою мақсатында уәкілетті органға қадағалау функцияларын беру мен баламалы су көздерін жинақтау және пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінген", — деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.
Ілеспе заң қолданыстағы заңнаманы жаңа Су кодексінің нормаларына сәйкес келтіру және су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заңда Азаматтық, Жер, Орман, Кәсіпкерлік және Экология кодекстеріне, сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың әртүрлі аспектілерін реттейтін 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Сенаторлар негізгі және ілеспе заңға 13 түзету енгізуге бастамашы болып, жұмыс тобының 5 отырысын өткізді.
Су кодексін, сондай-ақ, ілеспе заңды талқылау және оларды екінші оқылымға әзірлеу барысында Бас комитеттің, Қаржы және бюджет комитетінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Кодекс пен Ілеспе заңды дайындау барысында мынадай:
Бұл ұсыныстар салыстырма кестеге жинақталды. Су кодексі бойынша салыстырма кесте 12 позициядан, ілеспе заң 1 позициядан тұрады.