Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Үкімет Өскемендегі Гематология орталығының құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді. Мемлекет басшысы Құрылтайдың төртінші отырысында аталған медициналық мекемені жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырма жүктеген еді. Медициналық мекемеде екі корпус болады. 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған. Бас ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталмақ. Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысан құрылысының 78 пайызы аяқталған.
Мәдина Мырзабекова, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Орталықта күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, соматика бөлімшесі, кардиология, кардиохирургия, сүйек кемігін трансплантациялау, химиотерапия бөлімшесі қарастырылған. Біз ультра жүйелік жабдықты орнатамыз. 2025 жылы екі ангиографиялық жүйе іске қосылады. Мұнда жоғары технологиялық медициналық операцияларды жасай аламыз. Бұл біздің пациенттерімізге және біздің мамандарға көбірек мүмкіндік береді.
Азамат Бейбітұлы
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмен ...
Шымкент қаласында мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екі ай қатарынан міндетті әлеумет ...