Ел экономикасы қаншалықты өсті?
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп ха ...
Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін қарап көрдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, қымыз өндірісі 7,2% артты. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 178 тонна қымыз өндірілді, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12 тоннаға аз болған.
Сонымен бірге шұбат өндірісі 2,8% төмендеді. 2025 жылдың алғашқы екі айында 184 тонна шұбат өндірілген, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 тоннаға аз.
Айта кетейік, 2023 жылы қымыз өндірісі 1812 тоннаны құраса, 2024 жылдың 12 айында 1541 тонна өндірілді. Ал 2023 жылы шұбат өндірісі 1813 тоннаны, 2024 жылы 1865 тоннаны құрады.
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп ха ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Орталық коммуникациялар алаңында (ОКҚ) алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы Экология және та ...