«Денсаулығы сыр берген»: Құлдықта болған қыздар жайлы тың деректер шықты
Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білу үшін Таразға барып, олард ...
Созылмалы ұйқысыздықпен күресу – тұрғындар үшін өте маңызды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі ұйқының ұзақтығы адамның жас ерекшелігіне байланысты екенін еске салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұсынылатын ұйқы мөлшері (жас ерекшелігіне қарай):
Жаңа туған нәрестелер (0-3 ай) – тәулігіне 14-17 сағат;
Емізулі нәрестелер (4-12 ай) – 12-16 сағат;
1-2 жас аралығындағы балалар – 11-14 сағат;
3-5 жас аралығындағы балалар – 10-13 сағат;
6-12 жас аралығындағы балалар – 9-12 сағат;
Жасөспірімдер (13-18 жас) – 8-10 сағат;
Ересектер (18-64 жас) – 7-9 сағат;
Қарт адамдар (65 жастан жоғары) – 7-8 сағат.
Созылмалы ұйқысыздықпен күрес бағдарламасы бар ма?
Министрлік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Америкалық ұйқы медицинасы академиясы (AASM) және Еуропалық ұйқыны зерттеу қоғамы (ESRS) ұйқының бұзылуын диагностикалау мен емдеуге арналған нұсқаулықтар әзірлейтінін атап өтті.
ДДҰ-ның сапалы ұйқыны жақсартуға арналған негізгі ұсынымдары:
Ұйқы режимін сақтау. Яғни, күн сайын (демалыс күндерін қоса) белгілі бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну.
Жайлы орта жасау. Бөлменің салқын, тыныш әрі қараңғы болуын қамтамасыз ету, ыңғайлы төсек пен жастық пайдалану.
Тұрақты физикалық белсенділік. Спортпен шұғылдану, бірақ жаттығуларды ұйықтардан 2-3 сағат бұрын аяқтау.
Дұрыс тамақтану. Ұйықтар алдында ауыр тағамнан, кофеин мен алкогольден бас тарту.
Гаджеттерді қолдануды шектеу. Ұйықтардан 2-3 сағат бұрын смартфон, планшет және басқа да көк жарық шығаратын құрылғыларды пайдаланбау.
Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білу үшін Таразға барып, олард ...
Жамбыл облысында уланған балалар саны өсті. Зардап шеккендердің арасында үш айлық бала мен мектеп оқушы ...
Алматыдағы ең көне перзентхана медициналық көмектің сапасы бойынша еліміздегі үздік мекеме деп танылды. №2 А ...