Лос-Анджелес мэрі мигранттарды тексеруді тоқтатуға шақырды
Лос-Анджелес мэрі қаладағы мигранттарды тексеру шараларын тоқтатуға шақырды. Карен Басстың айтуынша, көші-қон поли ...
The Hill басылымының жазуынша , АҚШ президенті суретшінің портретті әдейі бұрмалап салғанына сенімді.
Сондықтан, Дональд Трамп Колорадо билігінен галереяға орнатылған суретін алып тастауды талап етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Портрет Колорадо штатының Капитолийінде ілулі тұр.
– Кез келген адам өзінің жаман салынған суретін немесе портретін ұнатпайды. Бірақ Колорадо Капитолийіне ілінген сурет әдейі бұрмаланған. Мұндай портретті бұрын-соңды көрмеген шығармын, – деп жазды ол Truth Social сайтында.
Трамп Обаманың (АҚШ-тың экс-президенті – ред.) портреті әдемі салынғанын, өзінікі қорқынышты екенін айтты.
– Шамасы, суретші жасы ұлғайған сайын талантын жоғалтқанға ұқсайды, – деп кекетті Трамп.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Outkick басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың одан әрі өршуін тежеу жұмыстары бақылауда екенін жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол соғысты тоқтатуда өзін "маңызды тұлға" деп есептейді әрі "мен президент болсам, бұл соғыс басталмас та еді" деген сөзін бірнеше рет айтты.
Лос-Анджелес мэрі қаладағы мигранттарды тексеру шараларын тоқтатуға шақырды. Карен Басстың айтуынша, көші-қон поли ...
Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом президент Дональд Трамптан Лос-Анджелестен Ұлттық ұлан әскерін алып кет ...
АҚШ-тағы Массачусетс штатының округтік соты үкіметтің Гарвард университетінің шетелдік студенттеріне виза бермеу т ...