Президент мемлекет басқаруда жапон тәжірибесін қолдануды ұсынды
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...
Орталық Азия мен Жапонияның ынтымақтаса жұмыс істейтін уақыты келді. Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония: қазіргі үдерістері мен келешегі» тақырыбында сарапшылардың алғашқы отырысы өтті. Әр елдің белді мамандары қатысқан алаңда екіжақты ынтымақтастық, өзара аймақтық іс-қимыл және сыртқы саясат мәселелері сөз болды. Қазақстандық сарапшылар, технологиясы озық Жапон елінің тәжірибесін зерттеп, көрші елдер арасында жоғары жылдамдықты теміржол тасымалы шешімдерін қарастыруды ұсынды. Ал күншығыс елінен келген қонақтар қазіргі әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп тұрған сәтте орта державалардың бірлесуінің маңызын атап өтті.
Томохико Уяма, Хоккайдо университетінің профессоры (Жапония):
-Бұл кездесу зерттеу орталықтарының сарапшылары үшін таптырмас алаң. Әсіресе дипломатия мәселесіне назар аударғым келеді. Екіжақты қарым-қатынас туралы айтар болсақ: білім, инфроқұрылым, адами капитал, климаттық өзгерістерге байланысты бірнеше шешімдерді ортақ қарастыруға болады.
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...
Бұл туралы Kazakh Invest баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазақстандық Zhabyak компаниясы мен Senko Farm жапон нары ...
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қ ...